Жаңалықтар
Депутат Анас Баққожаев: "Мен де көбейгім келеді"
Мәжілісте "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасына арналған дөңгелек үстел барысында депутат Анас Баққожаев үй жануарларын стерильдеу әдісінің тиімділігіне күмән келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл тақырыпты қозғаған кезде мәжілісмен Анас Баққожаев әріптестерін күлдіріп алды.
"Кез келген биологиялық тіршіліктің басты мақсаты – көбейіп, ұрпақ қалдыру. Мен де ұрпақ жалғастырғым келеді, бәрі көбейгісі келеді. Микробтар да көбейгісі келеді. Солай ма? Күлмеңіздер. Бірақ стерильдеу туралы айтқанда, біз жануарларды осы мүмкіндіктен айырамыз. Стерильдеуді талап етуді адамгершілікке сай әдіс деп санайсыздар ма?" – деп сұрақ қойды депутат.
Бұл мәселеге жауап ретінде заңгер және жануарларды қорғаушы Ольга Ченцова жануарлардың көбеюін бақылаудың маңызын атап өтті.
"Бәрі әрқашан көбейгісі келе бермейді, бұл бір. Адамдар да әрдайым ұрпақ сүйгісі келе бермейді. Ал иттер мен мысықтарға келсек, егер олардың көбеюіне үнемі рұқсат берсек, қаншама жануар пайда болады? Миллиардтар, миллиондар болатынын түсінесіз бе? (...) Сондықтан көбеюге рұқсат беру мүмкін емес", – деді Ченцова.
Зооқорғаушының айтуынша, жануарлар кастрациядан зардап шекпейді, керісінше, өзін жақсы сезінеді.
"Менің үйімде көшеден алынған үш ит бар, олардың бәрі кастрацияланған және өзін өте жақсы сезінеді. Олардың ешқайсысы көбейе алмайтынына қиналмайды, бұл – шындық. Сондықтан көбею туралы айтсақ, сандар геометриялық прогрессиямен өседі, бұл мүмкін емес нәрсе", – деп түсіндірді ол.
Осы сәтте әңгімеге модератор, депутат Еділ Жаңбыршин араласты.
"Ер адамдардан басқасын стерильдеуге болады дегеніңіз бе сонда?" – деп сұрады мәжілісмен.
"Иә, дұрыс түсініп отырсыздар. Біз стерильдеу, кастрация және сүндеттеуді ажырата білуіміз керек. Бұл – әртүрлі нәрселер. Сүндеттеу – пайдалы процедура, кастрация – гормоналды функцияны тоқтату, ал стерильдеу – басқа. Кастрацияланған иттер мен мысықтар шамамен бір жарым жылға ұзақ өмір сүреді. Себебі онкологиялық аурулардың және басқа да қауіптердің алдын алады. Сондықтан олардың ешқайсысы зардап шекпейді", – деп қорытындылады Ольга Ченцова.
-
Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады
09:34, 03 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
-
-
-
Дзюдошы Ақмарал Науатбекке су жаңа көлік сыйға тартылды
05:00, 03 шілде 2025
-
-
Турловтан Кулибаевқа дейін: Билет сату нарығының артында кімдер тұр?
22:26, 02 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
Әзербайжан орыс мектептерін кезең-кезеңімен жаппақ
16:03, 02 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Блокқа тығып, қашып кетті": Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да алаяқтарға алданды
12:53, 02 шілде 2025
-
"Үкіметтің ақшасына оқыдың дейді": Айгүл Иманбаева өзін сынағандарды орнына қойды
15:07, 02 шілде 2025
-
-
-
-
Турловтан Кулибаевқа дейін: Билет сату нарығының артында кімдер тұр?
22:26, 02 шілде 2025
-
Қарағандылық зейнеткерден 22 млн теңге жымқырған алаяқтар Алматыда ұсталды
11:54, 02 шілде 2025
-
"Жою туралы бұйрық түсті": Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тың дерек шықты
11:35, 02 шілде 2025
-
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
-
-
«Басына ота жасатқан»: Тұрсынбек Қабатовтың денсаулығы туралы ақпарат шықты
07:49, 27 маусым 2025
-
-
Рүстем Жаныаманов ішіндегісін айтып қойды
15:40, 29 маусым 2025
-
"Күйеуінен жасы үлкен": Айгүл Иманбаеваның келіні туралы ақпар тарады (ВИДЕО)
09:51, 27 маусым 2025
-
"Операция жасатқаны көрініп тұр": Тұрсынбек Қабатов ел алдына шықты (ВИДЕО)
14:42, 30 маусым 2025
-
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025