Шоу-бизнес

«Бұндайды бұрын көрмедім»: Баян Мақсатқызы Алматының жаңа әкімін мақтады (ВИДЕО)

«Бұндайды бұрын көрмедім»: Баян Мақсатқызы Алматының жаңа әкімін мақтады (ВИДЕО)

Биыл қала тұрғындарының көпшілігі шаһардың ерекше әрі талғаммен безендірілгенін атап өтуде. Әсіресе кешкі уақытта көз тартатын әсем жарықтандыру тұрғындардың көңілінен шыққан деп жазады Оzgeris.info.

 

Солардың бірі қала тұрғыны Баян Мақсатқызы. Оның айтуынша, мұндай ауқымды әрі сәнді жарықтандыру қалада алғаш рет жүзеге асырылған.


«Қаланың келбеті мүлде өзгеріп, мерекелік көңіл күй сыйлап тұр. Бұрын-соңды мұндай безендіруді көрмеген едік», — дейді ол.

 

Сонымен қатар Баян Мақсатқызы қаланы абаттандыру жұмыстарына оң баға беріп, шаһардың көркін арттырғаны үшін қала әкімінің еңбегін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, соңғы уақытта қала айтарлықтай жаңарып, тұрғындар үшін жайлы әрі тартымды бола түскен.

 

Барлық жаңалық