Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген жеке өміріне қатысты жиі қойылатын сұрақтардың біріне жауап берді. Өнер иесі жеке өміріне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды "24KZ".
"Қазақстанға келгенде паспорт тексеретін аға-әпкелерімізден бастап: "Димашжан, қашан үйленесің?" деп сұрайды. Күтіп алушылар, жүргізушілер де осы әңгімені қозғайды. Үйге келсем, таңғы, түскі, кешкі ас кезінде жақындарым сұрайды. Достарым да қызығады. Әр нәрсенің өз уақыты бар ғой. Ең бастысы – таңдауыма өте жауапкершілікпен қарағым келеді. Себебі сезімге беріліп, бір қыздың тағдырына әсер етіп қоюдан қорқамын. Қыз баланың қадірін қастерлеу керек деп ойлаймын. Үйленгеннен кейін сол адаммен бірге қартайып, бақытты ғұмыр кешуді армандаймын", – деді Димаш Құдайберген.