Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жаңа фотосессиясымен елді таңғалдырды. Әнші дизайнер Абзал Сейдиннің образында Harper’s Bazaar түсіріліміне қатысқан. Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Дизайнер Instagram-парақшасында әншіге деген құрметін білдіріп, әсерлі жазба қалдырған.
«Қазақ сахнасының аңыз тұлғасы біздің Harper’s Bazaar түсіріліміне арналған визуалды тарихымыздың бір бөлігіне айналды. Мен үшін бұл — үлкен мәртебе әрі аса қымбат сәт», – деп жазды ол.
Алайда әншінің өзгеше стилі көпшіліктің қызу талқысына түсті. Кей желі қолданушылары образды батыл әрі ерекше деп бағаласа, енді бірі Роза Рымбаеваны танымай қалғандарын жазған.
Пікірлердің бірінде: «Роза ханым мұндай емес, ИИ болу керек. Қасықтап жинаған абыройыңызды төкпеңізші», – делінген.
Тағы бір оқырман: «Қандай қорқынышты», – деп қысқа қайырған.
«Әп-әдемі әйелді неге жаман образға айналдырып жібердіңіз? Роза апа өте сұлу ғой, мынау ведьма сияқты», – деп жазды тағы бір желі қолданушысы.
Сондай-ақ пікір қалдырушылардың арасында: «Түнде алдыңнан шыға келсе, жүрек жарылады», «Борис Моисеевке ұқсап қалған», «Ойбай, бұған не болды?» деген сыни пікірлер де болды.
Дегенмен жаңа образға тәнті болғандар да табылды. Олардың қатарында: «Сөз жоқ», «Versace» деген пікірлер жазылған.