Жаңалықтар

Пластикалық ота кезінде көз жұмған блогер: Министрлік мәлімдеме жасады

Пластикалық ота кезінде көз жұмған блогер: Министрлік мәлімдеме жасады
Денсаулық сақтау министрлігі косметологиялық клиникада әйелдің қайтыс болуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
 
Ведомствоның мәліметінше 15 мамырда болған қайғылы оқиға ерекше бақылауға алынған. Жан-жақты тексеру жүргізіледі.
 
"Тексеру барысында медициналық қызмет көрсетуге лицензияның бар-жоғы, көрсетілетін қызметтердің қолданыстағы стандарттарға сәйкестігі, медицина қызметкерлерінің біліктілігі, сондай-ақ шұғыл медициналық көмек көрсету хаттамалары мен талаптарының сақталған-сақталмағаны қаралады", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство инвазиялық косметологиялық процедуралар медициналық араласуға жататынын еске салды. Сондықтан мұндай қызметтер тек лицензиясы бар медициналық ұйымдарда жүргізілуге тиіс.
 
"Тексеру қорытындысы бойынша заңбұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
 
Сондай-ақ министр тапсырмасымен косметологиялық қызмет көрсететін ұйымдарға бақылау күшейтіледі.
Барлық жаңалық