Шоу-бизнес

"Бір жігітім 3 млн берген": Сүрені рэпше оқыған блогер қымбат сыйлықтарымен мақтанды (ВИДЕО)

Juzzefina атымен көпшілікке танылған блогер өзін ұнатқан жігіттердің оған қымбат сыйлықтар мен миллиондап ақша бергенін ашық айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
«Ең қымбат сыйлығым – Умра қажылығына жолдама болды. Сосын бір жігітім маған «собольдан» жасалған тон ал деп 3 млн теңге берді. Басқа бір жігітім көлік дөңгелегін сыйлады, ал тағы біреуі «мен хабарласқанда, үнемі жауап берші» деп Apple сағатын сыйлады”, — дейді ол.
Алайда блогер бұрынғы өмір салтын өзгерткенін мойындады.
«Ол жылдары мен кәдімгідей көрсеқызар болатынмын. Ал қазір жігіттің ақшасы, дүниесі қызықтырмайды. Қазір маған тек ақылы бар жігіттер ұнайды”, — деді ол.
Барлық жаңалық