Қоғам

Астанадағы тұрғын үй кешені дауға қалды (ВИДЕО)

Астанадағы тұрғын үй кешені дауға қалды (ВИДЕО)

Астананың оң жағалауында орналасқан «Жайлау» тұрғын үй кешені елордадағы ең шағын үйлердің бірі саналады. Ғимаратта небәрі бір подъезд және 64 пәтер бар. Алайда бірнеше жылдан бері бұл үйдің айналасында тұрғындар мен құрылыс салушы депутат арасында дау туындап келеді деп хабарлайды ozgeris.info сайты tengrinews.kz сайтына сілтеп.

Даудың негізгі себебі – жобада көрсетілген тоғыз қабаттың орнына он қабаттың салынуы. Бастапқы жоспар бойынша соңғы қабат техникалық болуы тиіс еді. Бірақ тұрғындардың айтуынша, ол қабатта төбесінің биіктігі шамамен үш метр болатын пәтерлер жасалып, қазір онда адамдар тұрып жатыр.

Үйдің тұрғындары мен жергілікті ОСИ төрағасы мұны құрылыс нормаларының бұзылуы деп санайды. Олардың пікірінше, бұл жағдай болашақта түрлі құқықтық және қауіпсіздік мәселелеріне әкелуі мүмкін.

Айта кетейік, «Жайлау» тұрғын үй кешені Бейсекбаев көшесінде орналасқан және 2020 жылы пайдалануға берілген. Тұрғындардың айтуынша, бастапқы эскиз жобасы мен қазіргі салынған нұсқаның арасында айырмашылық бар, соның ішінде қабат саны да өзгерген.

Барлық жаңалық