Әлеуметтік желілерде Дубайда қалып қойған қазақстандықтарға қатысты жаңа ақпарат қызу талқылануда. Кейбір жазбаларда елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дубайдан шыға алмай қалған отандастарын өзінің резиденциясына уақытша орналастыруға дайын екені туралы мәлімет тарады деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Бұл туралы Threads әлеуметтік желісіндегі Traveldatkz атты парақшада жарияланған жазбада айтылған. Онда «Нұрсұлтан Назарбаев Дубайдан шыға алмай қалған қазақстандықтарды өз резиденциясында паналатуға дайын» деген мазмұнда ақпарат жарияланған.
Алайда желі қолданушылары бұл мәліметке сеніммен қарамаған. Көпшілік пікірлерде жазбаның шынайылығына күмән келтіріп, түрлі пікір білдірген.
Кейбір қолданушылар «егер рас болса, жақсы іс болар еді» деп жазса, енді біреулері бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқан. Сонымен қатар пікір жазғандар Дубайдан елге қайта алмай отырған қазақстандықтарға сәттілік тілеп жатыр.