Қоғам

Kazakhmys Smelting қызметкерлері жаңа Конституция жобасы туралы ойын айтты

Kazakhmys Smelting қызметкерлері жаңа Конституция жобасы туралы ойын айтты

Kazakhmys Smelting компаниясының ұжымы 2026 жылғы 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумға шығарылатын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қолдайтынын мәлімдеді деп хабарлайы ozgeris.info сайты.

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, өндірісте әр қызметкердің еңбегі маңызды болғаны сияқты, мемлекет үшін де әр азаматтың ұстанымы елдің болашағын айқындайды. Олардың пікірінше, тұрақты әрі дамыған Қазақстан заң үстемдігіне, әділдікке, адам құқықтарын қорғауға және қоғамдық келісімге негізделуі тиіс.

Металлургтердің сөзінше, жаңа Конституция жобасы еңбек адамының құқықтарын қорғауға ерекше мән береді.

«Біз үшін ең маңыздысы – қауіпсіз еңбек жағдайы. Жұмысшының өмірі мен денсаулығы бәрінен жоғары тұруы керек. Әділ жалақы, кемсітушіліктің болмауы, әлеуметтік қорғау мен демалыс құқығы нақты кепілдікпен қамтамасыз етілуі тиіс», – деді кәсіпорын қызметкерлері.

Олардың пікірінше, жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған.

Балқаш мыс балқыту зауытының ұжымы 15 наурыздағы референдумды елдің болашағы үшін маңызды шешім деп санайды.

Барлық жаңалық