💰 Экономика

Бір айда 500 млрд теңге кредит алған

Ұлттық банктің дерегінше, 2025 жылғы маусымда берілген қарыз көлемі 492,7 млрд теңге болған, деп жазады Ozgeris.info.

Мамырмен салыстырғанда несие көлемі 19,3%-ға, ал былтырғы маусымнан 31%-ға артқан.

Несие қымбаттағанына қарамастан, сұраныс азайған жоқ. Сауалнама нәтижесі бойынша, қазақстандықтардың басым бөлігі тұтынушылық қарыз немесе тауарды бөліп төлеуді пайдаланады. Ал халықтың тек 31,7%-ы ғана мүлде несие алмайтынын айтқан.

 

Барлық жаңалық