Қоғам

«Бәрі бос сөз»: Баян Алагөзова коучтарға қарсы пікір білдіріп, ел назарын аударды

«Бәрі бос сөз»: Баян Алагөзова коучтарға қарсы пікір білдіріп, ел назарын аударды

Танымал продюсер әрі кәсіпкер Баян Алагөзова журналист Әсел Қожақоваға сұхбат беріп, бүгінде көбейіп кеткен коучтар мен мотивациялық спикерлер туралы ойын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Продюсер олардың еңбегін жоққа шығарып, коучтардың кеңесіне сенбейтінін ашық жеткізді.

«Коуч, гуру, спикерлердің көмегімен ақылды бола алмайсың, оның бәрі бос сөз. Қандай да бір адам маған өмірімді қалай сүру керектігін айтып бере алмайды. Себебі мен оның орнында өмір сүрмеймін, ол да мен бола алмайды. Оның айтқаны шын ба, өтірік пе — кім біледі?» — деді Баян Алагөзова.

Барлық жаңалық