Ұлттық банктің дерегінше, 2025 жылғы 1 шілдеде банктер коллекторларға берген негізгі қарыз көлемі 603,2 млрд теңгеге жеткен, деп жазады Ozgeris.info.
Ал есептелген сыйақы сомасы керісінше 122 млн теңгеге азайып, 65,3 млрд теңгені құрады.
Коллекторлар банктерден 515,6 млрд теңге негізгі қарыз және 120,6 млрд теңге сыйақы бойынша берешекті сатып алған.
Айта кетейік, 2024 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 1 мамырға дейін жеке тұлғалардың проблемалы несиелерін коллекторларға сатуға тыйым салынған. Бұл мерзім өткен соң, тек екі жылдан астам уақыт өтелмеген қарыздар ғана сатылуы мүмкін.