💰 Экономика

Банктер жарты жылда 1,6 трлн теңге пайда тапты

Қазақстан банктері биылғы қаңтар–шілде айларында 1,6 трлн теңге таза табысқа шықты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға көп, деп жазады Ozgeris.info.

Ең табысты ай – шілде. Бір айдың өзінде банктер 262 млрд теңге пайда көрген, бұл да рекордтық көрсеткіш.

Банктердің табыс кестесі де ай сайын өскен: қаңтарда – 228 млрд, ақпанда – 220 млрд, ал шілдеде – 262 млрд теңгеге жетті.

Көш басында Halyk Bank тұр – 474 млрд теңге. Одан кейін Kaspi Bank (265 млрд) және Банк ЦентрКредит (137 млрд).

Қазір елде 22 банк бар. Биыл олардың қатарына бұрынғы микроқаржы ұйымдары қосылып жатыр: маусымда – BNK Commercial Bank, тамызда – KMF Банк ашылды.

Мамандардың айтуынша, мұндай өсім халықтың несиеге сұранысы артып жатқанымен байланысты.

Барлық жаңалық