Қазақстандық екінші деңгейлі банктер 2025 жылдың алғашқы алты айында 1,4 трлн теңге таза пайда тапты. Бұл дерек Ұлттық банктің ресми статистикасында жарияланған, деп жазады Ozgeris.info.
Маусым айында банк секторының жиынтық пайдасы 235 млрд теңгеге артып, 1,14 трлн теңгеден 1,37 трлн теңгеге жетті. Сонымен қатар бір ай ішінде банктердің активтері 1,5 трлн теңгеге өсіп, 64,84 трлн теңгені құрады.
Міндеттемелер де ұлғайып, 55,5 трлн теңгеге жеткен (мамырда 54,3 трлн теңге). Ал банктердің меншікті капиталы 9,4 трлн теңгеге дейін өскен.
Бір ай ішінде әр банктің қанша пайда тапқаны туралы толық дерек шілде соңында белгілі болады. Ал мамыр айындағы есеп бойынша ең табысты үш банк Halyk Bank, Kaspi Bank және атауын Alatau City Bank деп өзгерткен бұрынғы Jusan Bank.