Танымал әнші Бейбіт Қорған әлеуметтік желіде жеке өмірін жұртқа жиі көрсететін өнер адамдарына қатысты пікір білдірді
Өнер иесі бұл туралы «Kezdesu» YouTube жобасына берген сұхбатында айтты. Әңгіме барысында жүргізуші одан қазіргі шоу-бизнестегі өзі құптамайтын әрекеттер туралы сұраған.
Бейбіт Қорған әлеуметтік желіде күнделікті тұрмысын, ішкен-жегенін, бала-шағасын көрсетіп, отбасылық өмірін көпшілікке жариялайтын әріптестерінің әрекетін қолдамайтынын жеткізді.
Әншінің пікірінше, өнер адамдарының жеке өмірін үнемі жұрт назарына ұсынуы құптарлық іс емес.
Сұхбат барысында әлеуметтік желіде ауқатты әрі бақытты отбасының бейнесін қалыптастыру мәселесі де қозғалды.
Бейбіт Қорғанның бұл пікірі өнер адамдарының әлеуметтік желідегі белсенділігі мен жеке өмірдің шекарасы туралы мәселені қайта көтерді.