Шоу-бизнес

Баян Алагөзова сіңілісінің қуанышты жаңалығымен бөлісті

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әріптесі және туған сіңілісі Бағым Мұхитденованы музыкалық продюсерлер арасындағы №1 маман деп атап, оны алған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері марапатымен құттықтады.

 

«Елдегі №1 музыкалық продюсер! Лайықты атағыңмен құттықтаймын! Әкеміз, сірә, екеуміз үшін де көкте қуанып жатқан болар?! Біз жасағанның бәрін – бірге жасадық!», – деп жазды Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында.

 

Продюсердің бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының жылы пікіріне ие болды. Көпшілік екі продюсердің шығармашылық серіктестігі мен отандық эстрадаға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Барлық жаңалық