Шоу-бизнес

Баян Алагөзова шұғыл жаңалығымен бөлісті (ФОТО)

Баян Алагөзова шұғыл жаңалығымен бөлісті (ФОТО)

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде шұғыл мәлімдеме жасап, өз атынан әрекет етіп жүрген алаяқтар жайлы хабарлады. Оның айтуынша, белгісіз адамдар продюсердің атын пайдаланып, Instagram желісінде халықтан ақша жинауға тырысқан деп жазады Оzgeris.info.

 

Баян Мақсатқызы бұл ақпаратты өз парақшасында жариялап, видео арқылы түсініктеме берді. Ол роликте көрсетілген әйелдің өзі емес екенін нақты айтты және жалған аккаунттар таратқан ақпаратқа сенбеуді ескертті.Продюсердің айтуынша, алаяқтар түрлі сылтау айтып, жомарттық танытуға шақырып, қаражат жинауға тырысқан. 

 

Барлық жаңалық