Threads әлеуметтік желісінде қолданушылар Мөлдір Әуелбекованы сынның астына алды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Әншінің өз затын сату арқылы жұртты алдамақ болды деген айыптаулар айтылып, кейбіреулер оны «орнына қойды» деп жазған.
«Баяғы лохтар жоқ. Мына комментарийдің көп лайк жинағанына қуанып тұрмын», – деп жауап берген ол.
Мөлдір өз жазбасында Алматыдан қонаққа арналған сапалы шапан таба алмағанын айтып шағымданған еді.
Оған бір желі қолданушысы:
«Онда өзің жақсы шапан сатсаңшы, қазір прогрев жасап жатқан сияқтысың», – деп пікір қалдырған.
Бұл пікір мыңнан аса лайк жинап, көпшіліктің қолдауына ие болды.
