Қуаныш Жұмабекұлы PhD докторы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы
Білім және ғылым
«Ауқатты алаш азаматтарына»
21.02.2022
143
Руханиятқа инвестиция құюдың ел болашағы үшін шешуші маңызы бар. Түркияда «Еуразия зерттеулері» мамандығы бойынша докторантурада оқып жүргенімде тілге, әдебиетке, өнерге демеушілік жасап, қолдау көрсеткен адамдарды көп көрдім. Біздің елде де қазіргі таңда мұндай адамдар біршама бар. Шүкір.
Ұлтқа қызмет ету намысты да талап етеді. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ұлтын өрге сүйреп, келер ұрпақтың есті болып жетілуін мақсат тұтқан оқыған қазақ азаматтарына моральдық және қаржылық қолдау көрсеткен ұлттық буржуазия тобы болды.
Мұхаметхан Сейітқұлұлы, Қаражан Үкібайұлы, Әбдірахман Жүсіпұлы, Әнияр Молдабайұлы, Салық Омарұлы, Медеу Оразбайұлы, Ике Әділұлы, Хасен Ақайұлы, Ыбырай Ақпайұлы, ағайынды Бекметтер, Маман балалары Тұрысбек, Сейітбаттал, Есенқұл және Тобанияз Әлниязұлы сынды қазақ байлары түрлі бағыттар бойынша елге мейлінше өз пайдаларын тигізді. Мысалға алатын болсақ, біреулері мектептер мен медреселер ашса, енді біреулері қаншама жанның өміріне өзгеріс енгізіп, жоғарғы оқу орындарында оқуға жағдай жасап, шәкіртақыларын да төлеп тұрды. Қазақ баспасөзінің өркендеуіне де атсалысқандары бар.
Мұхаметхан Сейітқұлұлының (Абайтанушы Қайым Мұхаметханұлының әкесі) үйі белгілі мәдениет қайраткерлері, жазушылар мен баспагерлердің кездесулері және қазақ халқын саяси аренаға, азаттық жолына, ағартушылыққа шақырған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабай, Мұхаметжан Тынышпайұлы, Халел Ғаббас, Сұлтанмахмұт Торайғыр сияқты ірі қоғам қайраткерлері үшін ашық болатын. Абай, Шәкәрім әулеттерімен, шәкірттерімен жиі араласып тұрған. Мұхаметхан Сейітқұлұлы – «Сарыарқа» газеті, Жүсіпбек Аймауытұлы мен Мұхтар Омарханұлының редакциясымен шығарылған «Абай» журналын қаржыландырғандардың бірі. Ол көптеген ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, тарихи-әдеби мұраларды хатқа түсіріп, қазақ халқының рухани дамуына ықпал етті. «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналының демеушілері қатарында Қаражан Үкібайұлы да бар.
Алаштың оқыған көп азаматтары Қаражан үйінде тұрды. Ал Әбдірахман Жүсіпұлының үйінде «Сарыарқа» газетін, «Абай» журналын басып шығарған «Жәрдем» баспаханасы орналасты. Абайдың тәрбиесін көрген Әнияр Молдабайұлы болса, сол кездегі мемлекеттік банктің қазақ арасынан шыққан тұңғыш қызметкері еді.
Әлихан Бөкейханның басшылығымен «Алаш» партиясының Семей облыстық комитеті құрылған кезде Әнияр Молдабайұлы оның қазынашысы ретінде бекітілді. Әнияр Молдабайұлы өз заманында көрнекті қазақ интеллигенттерімен тығыз байланысқан. Әнияр Молдабайұлының үйінде Абайдың қырқы берілгенін айта кеткен жөн. Хасен Ақайұлы да «Қазақ» газетіне қаржылай көмек көрсеткен екен. 1915 жылы «Қазақ» газетінде «Ауқатты алаш азаматтарына» атты мақалада газет ісіне қаржылай жәрдемдесу жөнінде үндеу жарияланды.
Маман байдың ұрпақтары қол ұшын созғандардың қатарында болды. Жетісудың атақты байы Маман балалары Тұрысбек, Сейітбаттал және Есенқұл қажылар «Мамания» мектебін салды. Бұлар қазақ меценаттарының мұрындық болған игі істерінің бір парасы ғана.
Алаш қайраткерлерінің әлеуметтік тірегі осындай меценаттар еді. Қайтсек жұрт боламыз? Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Күшіміз бірлікте екенін ұмытпайық!
-
Алматыда 6 оқушы уланып қалды17:09, 10 ақпан 2026
-
-
Нұрлан Сабыровтың үстінен арыз түсті16:08, 10 ақпан 2026
-
-
Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты (ВИДЕО)15:13, 10 ақпан 2026
-
"Жаныңыз жәннатта болсын": Тұрсынбек Қабатов жоқтау жазба жариялады14:59, 10 ақпан 2026
-
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ел дамуына қосқан еңбегін атап өтті12:26, 10 ақпан 2026
-
"Жап-жас, өте сұлу екен": Жазира Байырбекова болашақ құдағиымен кездесті (ВИДЕО)12:06, 10 ақпан 2026
-
Ата Заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады — Тоқаев11:59, 10 ақпан 2026
-
"ChatGPT-ге қатысты сұраққа жауап бере алмады": Мәдиев Тоқаевтың алдында ұятқа қалды11:33, 10 ақпан 2026
-
"Жаныңыз жәннатта болсын": Тұрсынбек Қабатов жоқтау жазба жариялады14:59, 10 ақпан 2026
-
-
"Жап-жас, өте сұлу екен": Жазира Байырбекова болашақ құдағиымен кездесті (ВИДЕО)12:06, 10 ақпан 2026
-
-
"Арнайы келді": Роза Рымбаева құдағиына құрмет көрсетті (ВИДЕО)09:36, 10 ақпан 2026
-
-
"Тілімді қышытқан өздерің": Жігер Ауыпбаев сүйіктісін әжуалаған ақынға жауап берді00:00, 10 ақпан 2026
-
Нұрлан Сабыровтың үстінен арыз түсті16:08, 10 ақпан 2026
-
"ChatGPT-ге қатысты сұраққа жауап бере алмады": Мәдиев Тоқаевтың алдында ұятқа қалды11:33, 10 ақпан 2026
-
"Қатыспайды": "Қайрат" клубы шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа қатысты мәлімдеме жасады01:35, 10 ақпан 2026
-
-
Атырау облысындағы жоғалған отбасы: ел естімеген дерек шықты04:18, 03 ақпан 2026
-
-
-
-
-
-
"Жаныңыз жәннатта болсын": Тұрсынбек Қабатов жоқтау жазба жариялады14:59, 10 ақпан 2026
-
-
«Шегірткелер құтырған заман болды»: Ахметбек Нұрсила Қайрат Әділгерейді сотқа бермек06:15, 03 ақпан 2026
-
"Жарқын жүзін сағындым": Асанәлі Әшімовтің жары жан тебірентер жазба жариялады (ВИДЕО)15:30, 13 қаңтар 2026
-
«Аяғы ауыр сияқты»: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың видеосы желіні шулатты (ВИДЕО)17:25, 16 қаңтар 2026
-
"Қимаймын, амал қанша": Гүлзира Айдарбекова отбасындағы қаралы хабарды жеткізді (ФОТО)16:18, 16 қаңтар 2026
-
«Көріпкел, емшілер жаза бастады»: 156 келіге жеткен Рамазан Амантай шындығын айтты06:00, 27 қаңтар 2026
-
"Қаншама күнә жинады": Сара Назарбаеваға қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)17:12, 14 қаңтар 2026
-
-
-
«Тағы бір қайғы»: Асанәлі Әшімовтің отбасы тағы қара жамылды08:45, 26 қаңтар 2026
-
-