13 наурыз күні Атырау қаласындағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысын 9-сынып оқушысы жарақаттаған, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Оқиға орнына жедел түрде жедел-жәрдем мен полиция қызметкерлері барған.
Сондай-ақ, зардап шеккен оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Оқиғаны полиция растады.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 9-сынып оқушысы үшкір затпен жарақат салған. Күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.
"Барлық процессуалдық әрекеттер оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, бала тәрбиесімен тиісінше айналыспаған ата-анасы да жауапкершілікке тартылатын болады. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі.