Атырауда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 24 жастағы Жасұлан Өмбетовтің денесі Жайық өзенінен табылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты SMARTNEWS.KZ сайтына сілтемемен. Бұл ақпаратты марқұмның жақындары мен полиция өкілдері растады.
Белгілі болғандай, оның денесі бүгін Жилгородок ауданындағы жаяу жүргіншілер көпірі маңынан табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
Бұған дейін туыстары Жасұланның үйден шығар алдында телефонын қалдырып, ішіндегі барлық деректерді өшіріп кеткенін хабарлаған. Сондай-ақ, ол соңғы рет Алмагүл ықшамауданындағы бейнебақылау камерасына түскен.
Қазір аталған оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.