Атырау облысы

Атырауда 23 жастағы фельдшерге оқ атылып, қаза тапты

17 тамыз күні Атырауда өткен тойдың соңы қайғылы жағдайға ұласты деп хабарлайды ozgeris.info сайты. Мерекелік шара барысында бірнеше қонақтың арасында жанжал туып, ол төбелеске айналған.

 

Куәгерлердің айтуынша, жанжалды тоқтатуға көмектесуі үшін біреулер фельдшер танысын шақырған. Алайда ол келген кезде жағдай ушығып, қақтығыс жалғаса берген. Дау үстінде оқ атылып, 23 жастағы жігіт сол жерде көз жұмды.

 

Атырау облыстық полиция департаменті аталған дерекке байланысты «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі таңда оқиғаға қатысы бар азаматтар түгел ұсталып, қамауға алынған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалық