Жаңалықтар

Астанада 30 жастағы қыз анасын пышақтап өлтірген

Астанада қайғылы жағдай орын алды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 30 жастағы әйел анасына пышақ жарақатын салып, оның өліміне себеп болған деп хабарлайды ozgeris.info сайты politico.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, марқұмның денесі өз үйінен табылған. Сараптама барысында зорлық-зомбылық іздері анықталды.

 

Жедел іздестіру шаралары кезінде күдікті – марқұмның қызы ұсталды. Тергеу нұсқасына сәйкес, екеуінің арасында тұрмыстық жанжал шығып, ашу үстінде күдікті пышақ қолданған.

 

«Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Астана қалалық ПД.

Барлық жаңалық