Жаңалықтар

Астана – Петропавл трассасында ірі жол апаты: бір отбасы қаза тапты

2025 жылдың 3 тамызында кешкі уақытта Астана – Петропавл бағытындағы тас жолда, «Экспресс» дәмханасы мен «Синоил» жанармай бекетінің маңында ірі жол апаты болды. Екі жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан бір отбасы қаза тапты деп хабарлайды ozgeris.info сайты todayinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 18:30-да Астанаға қарай бағыт алған Hyundai Elantra көлігі белгісіз себеппен қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ-2107 маркалы автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

 

Соққының қатты болғаны соншалық, ВАЗ көлігінде отырған үш адам – бір отбасы мүшелері оқиға орнында көз жұмды.

 

Hyundai ішінде болған жүргізуші мен төрт жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

 

Оқиға орнында полиция қызметкерлері, құтқарушылар және тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр. Тергеу барысында жол қозғалысы ережелерін бұзу, жылдамдықты асырған болуы және техникалық ақау сияқты нұсқалар қарастырылып жатыр.

Барлық жаңалық