Жаңалықтар

Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты

Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты
Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабындағы көпқабатты үй өртенді. 
Будақтаған қара түтін Есет батыр тұрғын алабындағы 9 қабатты үйдің жетінші қабатынан шыққаны анықталды.
– Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер баспалдақ маршы арқылы 15 адамды эвакуациялады. Оның 4-еуі бала. Зардап шеккендер жоқ. Қазір балконнан шыққан өрттің тұтану себебі анықталып жатыр. Тілсіз жау 19 минут ішінде сөндірілді, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Фото: ҚР ТЖМ
Барлық жаңалық