Маңғыстау облысы

Ақтаудағы жанжал: екі ер адам пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Ақтауда сенбіге қараған түні 12-шағынауданда екі ер адам арасында жанжал шығып, оның соңы пышақтасуға ұласқан. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері жетті. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды ozgeris.info сайты madeniportal сайтына сілтеме жасап.

 

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға арақ ішу себеп болған. Құқық қорғаушылар күдіктіні ізін суытпай қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамады.

 

Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға болған аумақ полиция тарапынан қоршауға алынып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Барлық жаңалық