Жаңалықтар

«Ақша қолма-қол берілді»: Әділет Зейнел сотта әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты

«Ақша қолма-қол берілді»: Әділет Зейнел сотта әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты

Астана қалалық сотында қызмет барысында көз жұмған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты екінші отырыс өтті. Сот барысында бұрынғы жәбірленуші Әділет Зейнел әкімдік бөлген қаржы мен оның қалай жұмсалғаны туралы мәлімет берді, деп жазады Ozgeris.info тілшісі. 

Ақшаның табысталуы: Марқұмды жерлеген күні Әділет пен Ұлдананың сіңлісін әкімдікке шақырған. Кездесуде Астана әкімі, оның орынбасары және мәслихат депутаты 20 миллион теңгені қолма-қол ақшалай берген.

Қаражаттың жұмсалуы: Алынған соманың 9 миллион теңгесі Ұлдананың көлік несиесін толық жабуға аударылған (ай сайынғы төлемі 210 мың теңге болған). 4 миллион теңге марқұмның ата-анасына қайтарылған. Қалған ақша Құран бағыштау, қой сою және өзге де жерлеу шығындарына кеткен.

Мәртебеден бас тартуы: Зейнел басқа отбасын құрып, үйленуіне байланысты жәбірленуші статусынан бас тартқан. Бұл қадамға ол Ұлдананың анасы Сәлима Ешанқұлованың БАҚ арқылы жасаған өтінішінен кейін барғанын растады.
Өз сөзінде Әділет Зейнел қайғылы оқиғаға қатысты ешкімге кінә артпайтынын және Ұлдананың өз мамандығын шын сүйген жан болғанын атап өтті.

Барлық жаңалық