🌐 Әлем

АҚШ Ресейге: «Украинамен бейбіт келісімге келмесе, жаңа санкциялар енгізіледі»

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиынында АҚШ өкілдері Ресейге Украинамен бейбіт келісімге келу қажеттігін ескертті. Олар егер Мәскеу соғысты тоқтатпаса, жаңа санкциялар енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

The Guardian таратқан ақпаратқа сәйкес, отырысқа Ресейдің 27-28 тамыз түні Киевке жасаған зымырандық және дрондық шабуылы себеп болды. DW дерегінше, бұл оқиғадан 20-дан аса адам көз жұмған.

 

АҚШ-тың БҰҰ жанындағы миссиясының кеңесші-елшісі Джон Келли шабуылдар Мәскеудің бейбіт келісімге шын ниетті екеніне күмән тудыратынын айтты. Ол Ресейге соққыларды тоқтатуға шақырып, Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің бетпе-бет кездесуі қажет екенін жеткізді.

 

Сонымен қатар Келли АҚШ президенті Дональд Трамптың егер қақтығыс жалғаса берсе, қосымша санкциялар қолданылуы мүмкін екенін еске салды. 

Барлық жаңалық