Жаңалықтар

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігі жүк көлігімен соғысты

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігі жүк көлігіне соғысып, төрт бірдей адам зардап шекті. Оқиға орнына келген полицейлер бұған дейін «Астана-Қабанбай батыр» тасжолының 18 шақырымында  екі «ГАЗель» көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырағанын анықтады. «ГАЗельдің» 20 жастағы жүргізушісі Қабанбай батыр ауылына қарай келе жатып, қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, өзіне қарсы жүріп келе жатқан Астана қаласына бағыт алған жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 28 жастағы фельдшер, 73 жастағы науқас және екі жүргізуші ауыр жарақат алып, түрлі диагноздармен астаналық ауруханаға жатқызылды. Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Фото: bangkokbook.ru
Барлық жаңалық