Қазақстандық әйгілі Ninety One тобының орындаушысы, көпшілікке АСЕ деген сахналық есімімен танымал Азамат Ашмақын жақында әке атанатынын жария етті. Бұл қуанышты жаңалықты ол өзінің Instagram парақшасы арқылы жеткізді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Alash.kz сайтына сілтеме жасап.
Әнші сүйіктісімен бірге өткен гендер пати кезінде түсірілген бейнежазбаны бөлісіп, жанкүйерлерімен ерекше сәтін бірге атап өтті.
“Бұл күнді біз көптен бері асыға күттік. Қуанышымызды жасырмай, оны сіздермен бөлісуді жөн көрдік. Енді біз үшін жаңа өмір кезеңі басталғалы тұр”, – деп жазды ол.
Азамат Ашмақынның жары – Нұрила Шакирова. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзін продюсер ретінде таныстырып жүр.