“Мүлікті тәркілеуге негіз жоқ. Қылмыстың ауырлығын ерекше ауыр санат ретінде ескере отырып, жаза тағайындауыңызды сұраймыз. Айыптаушы тарап бап бойынша жаза тағайындауды жөн деп санап, соттан сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді сұрайды. Қамауда болған уақытын ескере отырып. Сондай-ақ сотталушыдан процессуалдық шығындар мен жәбірленушілердің өтемақы қорына 30 АЕК мөлшерінде төлем өндірілсін”, – деді прокурор сотта.Бұл осы бапқа сәйкес ең ұзақ жаза мерзімі екенін баса атап өткен жөн. Өз кезегінде жәбірленушілердің адвокаттары, өлтірілген қыздың туыстары өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын және сотталушыдан қыздың әжесінің пайдасына 20 миллион теңге моральдық шығын өндіруді сұраған. Еске салсақ, былтыр шілде айында Алматыда 7 жасар өгей қызын ұрып өлтірді деген күдікпен қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек қамауға алынған еді. Жеті жасар Каринаны асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді деп айыпталған әйел бар кінәні азаматтық некедегі күйеуіне артқан еді. Сотта айыпталушы Балжан Тұрлыбек өгей қызына киім алып беріп, мектепке дайындағанын, би үйірмесіне жазып, жеке репетитор да жалдағанын айтты. Сонымен қатар ол Каринаның әкесімен отбасын құрған соң баланы асырап алуды жоспарлаған. Бірақ айыпталушы сотта қыздың әкесі баланы кіші дәретін ұстай алмағаны үшін ұрып келген деді. Тіпті кейде 7 жасар қызды салқын душқа түсіріп, бақша қайшысымен ұрғанын, балконға қамайтынын айтқан. 20 желтоқсан күні болған сот отырысында судья Ерлан Болатов қыздың әкесі Бәкен Ғалымжанұлынан жауап алуға шақырды. Ол куәгер болды. Әкесі сотталушымен 2022 жылдың қыркүйегінен кісі өлтіргенге дейін, яғни 2023 жылдың шілдесіне дейін бірге тұрған. Куәгер қайғылы оқиға болған күні, яғни 10 шілдедегі оқиғаның қалай болғанын айтып берген. Айтуынша, таңғы сағат 08.00 шамасында әйелі екеуі оянған. Ол дүкенге кеткен кезде, қызы Карина да оянған. Балжан Тұрлыбек оларға таңғы ас әзірлеп берген. Содан кейін үйлеріне кабель тартып жатқан альпинистер келіп, көмек сұраған. Ер адам оларға көмектесіп жүріп бірнеше рет үйіне кірген кезде бәрі жақсы болған. Әйелі тіпті емханаға барып келген.
Жаңалықтар
Алматыдағы жеті жасар қыздың өлімі: Прокурор өгей шешесін 20 жылға соттауды сұрад
11.03.2024
184
-
Хоккейден ел құрамасы үшінші рет Азия чемпионы атанды17:30, 08 қараша 2026
-
«Мама деп айтпаймын»: әнші Бүркіт енесімен қарым-қатынасы туралы айтты (ВИДЕО)16:43, 08 қараша 2026
-
Денсаулығы сыр берген: Елена Рыбакина WTA турнирінен бас тартты14:47, 08 қараша 2026
-
Тоқаев Әзербайжан Президентін Жеңіс күнімен құттықтады12:07, 08 қараша 2026
-
«Қолын да алмаймын»: «Нұр-Мұқасан» тобының әншілері бет көріспей кеткен (ВИДЕО)11:28, 08 қараша 2026
-
Генадий Головкин Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президентімен кездесті10:00, 08 қараша 2026
-
Аустралиялық журнал Президенттің Ақжан атты ақалтекесі туралы жазды09:00, 08 қараша 2026
-
Тоқаев пен Рахмон Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты17:19, 07 қараша 2026
-
Көгалдандыру жұмыстары: Қазақмыс қала мен ауылдарда 8 мыңнан астам ағаш отырғызды16:04, 07 қараша 2026
-
Алты баласы бар әйел қайырымдылық жасағысы келген блогерді алдап соққан16:00, 07 қараша 2026
-
«Қолын да алмаймын»: «Нұр-Мұқасан» тобының әншілері бет көріспей кеткен (ВИДЕО)11:28, 08 қараша 2026
-
«Мама деп айтпаймын»: әнші Бүркіт енесімен қарым-қатынасы туралы айтты (ВИДЕО)16:43, 08 қараша 2026
-
Аустралиялық журнал Президенттің Ақжан атты ақалтекесі туралы жазды09:00, 08 қараша 2026
-
Генадий Головкин Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президентімен кездесті10:00, 08 қараша 2026
-
Тоқаев Әзербайжан Президентін Жеңіс күнімен құттықтады12:07, 08 қараша 2026
-
Денсаулығы сыр берген: Елена Рыбакина WTA турнирінен бас тартты14:47, 08 қараша 2026
-
Хоккейден ел құрамасы үшінші рет Азия чемпионы атанды17:30, 08 қараша 2026
-
«Бақұл болыңыз»: Гүлназ Әлімгерей қаралы хабар айтты18:00, 03 қараша 2026
-
Мақпал Жүнісова тойда күтпеген жағдайға тап болды12:22, 05 қараша 2026
-
«Түнімен ұйықтай алмадым»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі сырқаттанып қалғанын айтты17:00, 03 қараша 2026
-
-
«Көшіп келгелі той болды»: Мирас пен Құралай төрт қабатты үйін сатылымға шығарды10:39, 03 қараша 2026
-
Актер Бекжан Тұрыстың ұлы шаңырақ көтерді10:00, 02 қараша 2026
-
Балжан Бидаш экс-күйеуі Жахан Отарғалиевтің сөзіне жауап берді (ФОТО)17:57, 04 қараша 2026
-
«300 қонақтың арасынан бұйырды»: Блогер Рысбала қуаныштан көзіне жас алды15:00, 04 қараша 2026
-
«Қолын да алмаймын»: «Нұр-Мұқасан» тобының әншілері бет көріспей кеткен (ВИДЕО)11:28, 08 қараша 2026
-
-
«Бағлан бауырым Раббысына қайтты»: Ердос Қанаев жантүршігерлік жаңалық айтты17:32, 19 қазан 2026
-
-
-
«Самолетімізді сатамыз»: Жазира Байырбекова ақшадан қиналғанын айтты14:30, 19 қазан 2026
-
«Сен біреудің қуанышысың»: Олжас Абайдың экс-әйелі күтпеген жазба жариялады11:10, 13 қазан 2026
-
«Шайтан сияқты қайта шығыпты»: істі болған Сабыржан асаба тойда көзге түсті13:46, 19 қазан 2026
-
«Баяннан да сұлуын тауыпты»: Бақытбек Есентаевқа қатысты жаңа ақпар шықты18:22, 14 қазан 2026
-
«Бетіне айтып тастадым»: Әбдіжаппар Әлқожа әпкесі Роза туралы жазды14:49, 10 қазан 2026
-
«Лашын Құс» феномені: Ақгүл Әсетқызының болжамдары мен өткеніне қатысты дау19:34, 29 қазан 2026
-