Жаңалықтар

Алматыда жолаушылар автобусы өртенді

Алматыда жолаушылар автобусы өртенді

5 шілде күні Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Ерменсай шағынауданында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, №64 бағытындағы автобус сағат 11:19 шамасында өртене бастаған. Өрт шыққан сәтте автобустың ішінде жолаушылар болмаған. Құтқарушылар жеткен кезде көлік ашық жалынмен жанып жатқан.

 

«Өрт сағат 11:30-да толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД.

Барлық жаңалық