Алматы облысы

Алматыда жол апатынан 11 жастағы бала көз жұмды

Алматы қаласының Наурызбай ауданында болған жол-көлік оқиғасында кәмелетке толмаған бала қаза тапты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Оқиға 10 тамыз күні сағат 13:30 шамасында Хигай көшесінде орын алған. Полицияның мәліметінше, шығыс бағытта қозғалған Range Rover автокөлігінің жүргізушісі жол үстінде болған 2013 жылғы баланы қағып кеткен.

 

Ауыр жарақат алған бүлдіршін оқиға орнында жан тапсырған.

 

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалық