Жаңалықтар

Алматыда 20 жастағы қыз жүргізген көлік жол апатына ұшырап, ағашқа ілініп қалған

2025 жылдың 1 тамызы кешке Түрксіб ауданында жол апаты тіркелді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, көлікті 20 жастағы бойжеткен жүргізген. Ол алған жарақаттары салдарынан ауруханаға жеткізілді.

 

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, Майлин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Daimler Chrysler маркалы көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алдымен ағашқа, артынша көше жарығының бағанасына соғылған.

 

Оқиғаның толық себебін анықтау үшін Түрксіб аудандық полиция басқармасының мамандары тексеріс жүргізіп жатыр.

Барлық жаңалық