Жаңалықтар

Алматыда 13 жастағы жасөспірімнің әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

Алматыда орын алған жантүршігерлік жағдайға байланысты бала құқықтары жөніндегі уәкіл Диана Ерлан пікір білдірді, деп жазады ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Оқиғада 13 жастағы жасөспірім бейтаныс екі жасар баланы жоғары лақтырып, асфальтқа түсірген. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, бүлдіршінге қажетті медициналық көмек көрсетілуде, алдағы уақытта толық оңалтудан өтпек. Сондай-ақ отбасыға психологиялық қолдау орталығының көмегі ұсынылған.

 

Диана Ерлан бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігінің 8-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелгенін жеткізді. Бұл бап бойынша кінәлі адам үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Дегенмен Қазақстан заңнамасында қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатындықтан, жасөспірімнің жасы жазаға тартуға жеткіліксіз.

 

Уәкілдің айтуынша, 13 жастағы бала қазіргі таңда ата-анасының қасында үйінде. Ол тұрғындарды жасөспірімнің суреттерін оның заңды өкілдерінің рұқсатынсыз таратпауға шақырды.

Барлық жаңалық