Алматы облысында 12 жастағы қызды зорлалы деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты КазТАГ сайтына сілтемемен.
Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жасөспірім қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген. Соттың санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар күдіктінің ата-анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.Полиция бұл істің облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.