Астанада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров қаза тапты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бұл туралы Kazinform агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап мәлімдеді.
Қайғылы оқиға 30 қазанға қараған түні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Ержан Бабақұмаров таныстарымен бірге кеш өткізген. Сол сәтте жиналғандардың арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқан. Салдарынан Ержан Бабақұмаров алған дене жарақаттарынан көз жұмған.