Алматы облысында 14 қазанда із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Іздеушілердің мәліметінше, Тасқұлов Абдусалам Абдурахманұлы, 1990 жылы туған, 14 қазан күні сағат 22:30 шамасында Қарасай ауданындағы “Асыл Арман” шағын ауданынан шығып кетіп, қайта оралмаған.Ер адамның бойы шамамен 170–175 сантиметр, орта денелі, шашы қара, қысқа, көзінің түсі қоңыр болған.
30 қазанда ер адамның мәйіті табылған, алайда денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қайғылы жағдайдың өзге мән-жайы әзірге хабарланбады.