Әлеуметтік желілерде Алматы облысында орын алған жантүршігерлік оқиға қызу талқылануда. 16 жастағы мектеп оқушысы бейтаныс екі әйелдің қатыгездігіне тап болған, деп жазады ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Марқұмның анасының айтуынша, қызы алдағы уақытта заң факультетіне оқуға түсуге ниеттеніп жүрген. Осы жолда оған бір ер адам қолдау көрсетпек болған. Бірақ сол ер адамның қалыңдығымын деп таныстырған әйел қызғаныштан жасөспірімді жазалауды ойлаған.
Күдіктілердің бірі қызды көлікке күштеп отырғызып, қолын темекімен күйдірген. Кейін елсіз жерге апарып, соққыға жығып, түрлі қорлық көрсеткен. Анасының сөзінше, олар жас қызды аяқтарын сүйгізуге дейін мәжбүрлеген.
Қазіргі уақытта екі әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.