Қоғам

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Zeekr тізгіндеген жүргізуші қамауға алынды

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Zeekr тізгіндеген жүргізуші қамауға алынды

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы бойында болған жол апатына себеп болды деген күдікпен Zeekr автомобилінің жүргізушісі қамауға алынды. Жол апаты кезінде ол мас күйде болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ басылымының хабарлауынша, сот санкциясымен ZEEKR автомобилінің жүргізушісі қамауға алынған.

"Аталған апат бойынша бұған дейін қылмыстық іс қозғалған болатын. ZEEKR автокөлігінің жүргізушісіне соттың санкциясымен қамаққа алу шарасы қабылданды. Апат кезінде ол жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.

Сондай-ақ министрдің тапсырмасы бойынша қызметтік тексеріс басталды. Оның объективтілігі мен толықтығын қамтамасыз ету үшін Алматы қаласына Өзіндік қауіпсіздік департаментінің, Әкімшілік полиция комитетінің және Жеке құраммен жұмыс департаментінің басшылары тәжірибелі қызметкерлермен бірге жіберілді", - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Барлық жаңалық