Жаңалықтар

"Дұрыс сөйлеуді білмейді": Жазира Байырбекованың құдалықтағы сөзі сынға ұшырады (ВИДЕО)

"Дұрыс сөйлеуді білмейді": Жазира Байырбекованың құдалықтағы сөзі сынға ұшырады (ВИДЕО)

Ұлын үйлендірген Жазира Байырбекованың құдалықты сөйлеген сөзі қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Құдалық барысында асаба «ұлыңыз бен келінді жеке отау етіп шығарасыздар ма?» деген сұрақ қойған.

Осы сәтте әнші Жазира Байырбекова:

«Біз тек шетелге шыққанда ғана бір дастарқанда бас қосамыз. Ал негізі Қазыбек пен Асылай әр қалада жүреді, біз де үнемі жол үстіндеміз. Сондықтан біздің үй — анда-санда ғана кездесетін орын», — деп жауап берген.

Алайда бұл пікірді кейбір желі қолданушылары түсінбей, түрлі сын пікірлер жазды.

Олардың арасында:

«Не айтқысы келгенін өзі түсінді ме?», «Сөздері түсініксіз», «Кім не ұқты? Қуып кетті ғой», «Қалай сөйлерін білмейді» деген секілді пікірлер көптеп кездескен.

Барлық жаңалық