Спорт

Екі дүркін әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Екі дүркін әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Кубалық кәсіпқой боксшы Йоэнлис Эрнандес орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды.

Кубалық боксшы Fight Hype Youtube арнасына берген сұхбатында жоғары деңгейлі жекпе-жектерге дайын екенін мәлімдеді.

Йоэнлис Эрнандес алдағы жекпе-жектерде WBA әлем чемпионы Эрисланди Лара, WBC әлем чемпионы Карлос Адамес немесе WBO әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы сияқты қарсыластарының болуы мүмкін екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол IBF чемпионымен жұдырықтасуды да жоспарлайтынын айтты.

- Егер бізге мүмкіндік берілсе, біз Әлімханұлын қоса алғанда, кез келген чемпионмен жекпе-жекке шығуға дайынбыз,- дейді спортшы.

Айта кетерлігі, Йоэнлис Эрнандес кәсіпқой рингке 2022 жылы келіп, 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

 https://kaz.inform.kz/news/ek-durkn-alem-chempioni-zhanbek-almhanulin-zhekpe-zhekke-shakirdi-bd521b/

Барлық жаңалық