Шоу-бизнес

"Не масқара бұл?": Ақын Сырым Әуезханды ұшаққа мінгізбей қойды (ВИДЕО)

"Не масқара бұл?": Ақын Сырым Әуезханды ұшаққа мінгізбей қойды (ВИДЕО)

Айтыскер ақын Сырым Әуезхан әуе компаниясының жұмысына қатысты наразылығын білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Оның айтуынша, алдын ала билет сатып алғанына қарамастан, әуежайға келгенде рейске отырғызылмаған.
Жолаушыға «орын жоқ» деген жауап берілгені айтылды.

Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік Air Astana қызметіне сын айтып жатыр.
Қолданушылар билет сатылған соң, ұшақта орын болмауы қалай мүмкін деп сұрақ қоюда.

Кейбірі мұндай жағдай соңғы кезде жиілеп кеткенін жазған.
Желіде жолаушылар құқығы қаншалықты қорғалып жатыр деген мәселе қайта көтерілді.

Оқиғаға байланысты жауапты кім беретіні де көпшілікті алаңдатып отыр.
Әуе компаниясы тарапынан әзірге ресми түсініктеме жарияланған жоқ.

Барлық жаңалық