Шоу-бизнес

Айнұр Тұрсынбаева ерлердің жауапкершілігі туралы ашық айтты

Айнұр Тұрсынбаева ерлердің жауапкершілігі туралы ашық айтты

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram-парақшасында ерлердің отбасындағы рөліне қатысты әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ақынның айтуынша, ер азаматтың міндеті — тек айқайлап билік жүргізу немесе ақша тауып беру емес, ең алдымен жанұясына қорған бола білу.

«Отбасының тірегі — еркек. Тірек әлсіз болса, шаңырақ та шайқалады. Еркектің еркектігі айқайында немесе тек табыс табуында емес. Қорған болу — қорғау! Жаудан емес, әйелінің көңіл-күйін, балаларының тәтті ұйқысын қорғау керек. Отбасының намысын сақтау керек. Отбасы — аманат. Аманатты иесіне қайтарарда ұялмайтындай болу қажет», — деп жазды айтыскер.

Желі қолданушылары ақынның бұл сөздерін кеңінен талқылап, қолдау пікірлерін қалдыруда.

Барлық жаңалық