Алматы облысы

Айнабұлақта автобус әйелді қағып кетті: Полиция тергеу бастады

Алматы қаласының Жетісу ауданында жолаушылар автобусы әйел адамды басып кетіп, қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Оқиға болған жерден түсірілген бейнематериалдар әлеуметтік желілерде тарады.

 

Қалалық полиция департаментінің деректеріне сәйкес, жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 10:00 шамасында Айнабұлақ шағынауданында тіркелген. Автобус жүргізушісі оңға бұрыла бергенде, жолды кесіп өтпек болған 1957 жылы туған әйелді байқамай, қағып кеткен. Ауыр жарақат алған жаяу жүргінші оқиға орнында жан тапсырды.

 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Барлық жаңалық