Мөлдір Мұқанова жұбайы, белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен арақатынасы жайлы сұхбат беріп, көпшілікті толғандырған сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды Оzgeris.info. Соңғы уақытта әлеуметтік желіде «Жұлдызды жұп ажырасты», «Тұрсынбек тоқал алды» деген сыбыстар жиі тараған болатын.
Мөлдір Мұқанова YouTube арнасына берген сұхбатында қиын кезеңі туралы ашық айтты. Оның айтуынша, Турсынбек Дубайға іссапармен кеткен соң, оралған кезінде түсірілген суреттер мен видеоларды көрсеткен. Сол сәтте видеода басқа қызды байқап қалған Мөлдір қатты күйзеліске түскенін мойындады.
– «Сол видеоны көріп, өзімді қоярға жер таппадым. Терезеге қарай жүгіріп, секіруге дайын болдым. 24-қабатта тұратынбыз. Ондай сәтте ойлануға мұршаң болмайды. Сенің сенген адамың, жұбайың іссапарға кеттім деп осындай әрекетке барғаны өте ауыр тиеді», – деді ол сұхбатында.
Мөлдірдің бұл сөзі желіде қызу талқыланып, көпшілік оған қолдау білдіріп жатыр. Кейбір оқырмандар ерлі-зайыптылардың жеке өміріне құрметпен қарауға шақырды.
Қазірге дейін Тұрсынбек Қабатов бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.