Жаңалықтар

2030 жылғы жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты Астанада өтеді

2030 жылғы жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты Астанада өтеді

Қазақстан 2030 жылы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын өткізетін ел ретінде таңдалды. Байрақты бәсеке Астана қаласында өтеді деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бұл шешім World Athletics кеңесінің отырысында қабылданды. Сонымен қатар 2028 жылғы чемпионат Үндістанның Одиша штатында ұйымдастырылады.

Халықаралық ұйымның мәліметінше, мұндай таңдау ірі спорттық жарыстарды дамушы елдерде өткізу стратегиясымен байланысты.

Қазақстан үшін бұл — жеңіл атлетиканы дамытудағы маңызды қадам. Бұған дейін Астана 2023 жылы Азия чемпионатын қабылдап, 2024–2025 жылдары әлемдік тур кезеңдерін сәтті өткізген болатын.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Асхат Хасенов бұл шешімді ел спортына берілген жоғары баға деп атап өтті.

«Бұл – еліміздің жеңіл атлетиканы дамытудағы еңбегінің мойындалуы. Біз чемпионатты жоғары деңгейде өткізуге бар күшімізді саламыз», – деді ол.

Барлық жаңалық