Қазақстанның халық әртісі Қыдырәлі Болманов «Жол картасын» іске асыру аясында Павлодардағы «№46 мекеме»РММ колониясына барды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Қыдырәлі сотталғандармен кездесіп, өз тарихымен бөлісіп, шығармашылығы мен жоспарлары туралы айтты, сонымен қатар әндерін гитарада орындады. Алғыс ретінде сотталғандар әртіске домбыра мен мекемеде тігілген спорттық костюм сыйлады.Колония бастығы Сұлтан Бакиннің айтуынша, костюм жақында «Тауба»брендімен спорттық киім өндірісін бастаған өнеркәсіптік аймақ аумағында шығарылған.
ПІКІР ЖАЗУ