Жаңалықтар

Конаевта бала тоқ соғып көз жұмды: әкімдік қауіпсіздік шараларын қабылдады

Конаев қаласындағы демалыс орнында 11 жастағы баланы тоқ соғып, ол қайтыс болды. Бұл ақпаратты қала әкімдігі растады деп хабарлайды ozgeris.info сайты. Марқұмның туысының айтуынша, жағажайда электр сымдары салбырап тұрған. Бұған дейін де осы жерде бірнеше ірі қара мал тоқтан өлген, сондықтан база басшылығы бұл мәселе туралы хабардар болған.
– Жиенім барханға ойнауға кеткен. Аспан аясында сым көрінбей қалса керек, байқамай барып, тоқ соқты. Бұл – сараптама қорытындысымен расталған. Әжеміздің айқайын естіп жүгірген қызды да тоқ ұрды, денесінде екінші дәрежелі күйік бар. Ағасына «иіл» деп айқайлап үлгергенбіз, тағы бір жігітке де тоқ тиіп, жеңіл жарақат алған, – деді баланың тәтесі.
Әкімдік мәліметінше, электр желілері жекеменшікке тиесілі. Қайғылы жағдайдан кейін электр бағаналары жағажайдан алыс жерге көшірілген. Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі бойынша («Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтерді көрсету, абайсызда адам өліміне әкеп соққан») қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр, жағдай бақылауда. Аталған бап бойынша 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Барлық жаңалық