«Хиджаб кимеген әйелдерді өлтіреді»: ІІМ әнші Ұланғасыр Қамидің сөзін тексерді

Фото: instagram/ulangasyrqamiev

ІІМ әнші Ұланғасыр Қамидың сөзіне қатысты жолданған арызды қарап, шешім шығарды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Өнер иесінің «күйеулері хиджаб кимегені үшін әйелдерін өлтіреді» деген сөзінен кейін Саида Кастанеда (Саида Сисембаева) атты азамат әншінің үстінен арыз жазған еді.

«Маған Алматы қаласының полиция департаментінің өтінішімді тіркеусіз қалдыратыны жөнінде хат келді. Өйткені олардың пікірінше, Ұ.Камиевтің сөздерінде қылмыс құрамы жоқ екен. Әнші сөзінде әйелдерді күйеулерінің өлтіруін ашық ақтаған болатын», – деп жазды Саида Сисембаева Facebook-те.

Саида Сисембаева жазбасымен қоса ІІМ шешімін де жариялады.

«Камиев Ұ.Ж өзінің Instagram парақшасында диалог жүргізіп, жазылушылар қойған сұрақтарға жауап берген. Осылайша ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын жасамаған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, бұл жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ екенін ескере отырып, заңға сәйкес сіздің өтінішіңіз есепте тіркеусіз қалды әрі номенклатуралық іс жүргізу есебінен шығарылды», — делінген ІІМ-нің жауабында.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!